Кітап – алдыңғы буынның өскелең ұрпаққа қалдырар асыл мұрасы, рухани өсиеті. Осы орайда 14 ақпан - халықаралық кітап сыйлау күніне колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызының бастамасымен Анар Ізденнің «100 дос – 100 кітап» акциясының аясында «Умай» балабақшасына көптеген құнды кітаптар тарту етілді.
Кітаптарды табыстау үшін колледждің әкімшілік құрамы Жұмаділлаев Мұрат Шермаханова Роза, Назарова Сағидат апайларымыз «Умай» балабақшасына арнайы барып, Анар Ізденмен кездесіп қайтты. Кездесуде аға-буын өкілдері өмірлік тәрбиесі мол кітаптарымен бөлісіп, оларды таңдаудағы мақсаты және бала тәрбиесіндегі маңызы мен мазмұнымен өзара пікір алмасты.