Әділ заң — аспан тірегі.

Әділ заң — аспан тірегі.

2023-02-16

    Облыстық білім басқармасы 2023 жылғы 1 ақпандағы  №15-1/212-И хатына  сәйкес Қазақстан Республикасының Зандылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №1 кс/22-01 хаттамасына сәйкес нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізу мақсатында сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Жиынға жауапты орган ретінде колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева, №1 қалалық емхана психолог маманы Ж.Б.Оразалиева, «Q-Med» емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері А.Күнікейқызы, «Облыстық жастар денсаулық орталығының» психологы Ұ.А.Жұматай, Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.А.Жұмадилдаев, колледж психологы Жанат Уәлибекқызы, колледж медбикесі Г.Айжанова, ұйымдастырушы педагог Ж.У.Тютебаева, Жастар ісі жөніндегі инспектор Ш.Жалғасбекұлы, сонымен қатар екі ауысымды қамтитын топтардан 1701 студент қатысты.

    Сала мамандарының қатысуымен өткен шарада білім беру ұйымдарында «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтынудың ауыр салдары, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, интернетке тәуелділік,  құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды. Жиынды колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлдана Маралбекқызы ашып, оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

    Шара аясында ҚР Ішкі істер министрлігімен ұсынылған «Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында есірткінің заңсыз айналымына қатысты», «Синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары туралы» бейнедәрістер көрсетіліп, полиция органдарымен әзірленген жадынамалар таратылды.

    Сала мамандары және колледж  әкімшілігі қатысқан шарада студенттер пайдалы құқықтық ақпарат алып және кері байланыс орнатылып, студенттер өз сұрақтарына жауап ала білді.