Бүгін Облыстық оқу орталығы(әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Оқытушының кәсіби шеберлігі – нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбында облыстық шеберлік сағаты өткізілді. Шараға техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арнайы және жалпы білім пәндерінің оқытушылары қатысты.
Шеберлік сағаты қонақтарды салтанатты түрде күтіп алумен басталды. Сонымен қатар, «Білім нұры» педагогикалық сабақтастық галереясын, «Заманауи педагогикалық концепция: креативті идея. Инновациялық тәжірибе, жетістіктер шыңы» және «Ерлік» залының жұмыс барысы таныстырылып өтті.
Жоспарға сәйкес:
«Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие берудің құралдары» тақырыбында «Мектепке дейінгі педагогика және психология» пәндерінің оқытушысы «Үздік педагог-2022» иегері, педагог-зерттеуші Есмаханова Ұлжан Әлібайқызы,
«Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі» тақырыбында «Физика» пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Ибраева Мейрамкул Даниярқызы,
«Образдар жүйесін талдау арқылы жазылым және айтылым дағдысын қалыптастыру» тақырыбында «Әдебиетті оқыту әдістемесі» пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Дүйсенова Тұрар Жайшылыққызы,
«Өтебай Тұрманжанов және балалар әдебиеті» тақырыбында балалар әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Орманова Зоя Айтбайқызы,
«Изучение произведений в их родовой специфике» тақырыбында «Методика русской литературы» пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Мусурманкулова Гулмира Әнуарқызы,
«Python. FOR циклі (параметрі бар цикл)» тақырыбында «Информатика» пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Кузбаева Лаззат Омарқызы,
«С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы» тақырыбында «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы шеберлік сағаттарын өткізді. Шарада шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдыларын дамытып, ең ерекше құрал ретіндегі педагог тұлғасын қалыптастыратын, оқу мен оқыту үдерісін жүйелі ұйымдастыру тәжірибесі көрсетілді. Сонымен қатар, заманауи сандық білім беру платформалары арқылы білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары түсіндірілді.
Колледж басшысы Жақсыгүл Қоханқызы шеберлік сағатына қатысқан қонақтарымызға, пән оқытушыларына және өткізуге атсалысқан «Облыстық оқу орталығы» мен колледж ұжымына алғысын білдіріп, шараны қорытындылады. Әрі қарай шараға қатысушылар колледждің мәжіліс залында Т.Әліпқалидың «Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр» кітабының желісімен жазылған «Моншақ» театрландырылған қойылымын тамашалап, шара соңында ұсыныс-пікір алаңында бас қосты.