13-14 ақпан күні оқу орны базасында «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills College - 2023» колледжішілік кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Колледжішілік чемпионатқа оқу орнымыздың «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің оқытушысы Арыстанбекова Гүлзира Изинбекқызы бас сарапшылық етіп, «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің оқытушысы Сақтапбергенова Меруерт Амангелқызы тәуелсіз сарапшы болды.
Кәсіби шеберлік байқауы төрт модуль бойынша өткізілді.
Модуль А. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірінде бастауыш сыныптарда сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңі) әзірлеу, әдістемелік қамтамасыз ету және өткізу
Модуль В. Оқу пәндерінің бірінде белгілі бір тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқыту тапсырмаларын әзірлеу және көрсету
Модуль С. Мұғалімнің жеке сайтын құру
Moдуль D. Патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыт бойынша сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу (қостілділік (терминдер).
Конкурсқа қатысушылар модуль тапсырмаларын сапалы орындап, жоғары дәрежеде біліктіліктері мен құзыреттіліктерін көрсету барысында, 16 білім алушы бақ сынады. Нәтижесінде:
I дәрежелі дипломмен Абуғали Ақнұр (Жетекшісі: Ж.Ж.Маханова)
II дәрежелі Еркінқызы Анеля (Жетекшісі: А.Бимаханова) II дәрежелі Аблезова Аяжан (Жетекшісі: Г.И.Арыстанбекова)
III дәрежелі Дастанбаева Әсел (Жетекшісі: А.Қалилаева) III дәрежелі Қожаберген Арайлым (Жетекшісі:А.Қалилаева)
Барша қатысқан білім алушыларды жеңісімен құттықтай отырып, «Кіші сыныптарда оқыту» құзіреттілігінің модульдері бойынша білім алушыларға әдістемелік көмегін көрсеткен жетекші оқытушыларымызға және сарапшылық жасаған әріптес-серіктес мамандарға алғысымызды білдіреміз.