«Хор дирижерлеу және музыка» ПЦК-сының «Музыкалық пәндерді оқытудың инновациялық технологиясы арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру» тақырыбындағы апталық аясында «Білім алушылардың шығарашылық қабілеттерін дамыту үшін инновациялық әдіс тәсіл түрлерін қолдануы» атты дөнгелек үстел өткізілді
Дөнгелек үстеліміздің мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін тиімді, инновациялық әдіс тәсіл түрлерін ұғымының мазмұнын, құрылымын айқындау және іс жүзінде, сабақ барысында қолдануды негіздеу.
Қорқыт ата атыңдағы Қызылорда университетінің Мұзыкалық білім беру мамаңдығының тәжірибелі аға оқытушылары педагогикалық ғылымының кандидаты Макашева Маргарита Сарманбайқызы және дауыс қою пәнінің оқытушысы Байболова Гүлмира Төленқызы, «Өнер» бөлімінің оқытушылары мен студенттер қатысты.
Шара барысында Маргарита Сарманбайқызы және Баршагүл Алмаханқызы музыкалық-орындаушылық пәндер саласында сауатты, техникалық дағдылары дамыған, жеке аспаптық бағдарламаны көркем-мәнерлі орындай алатын, вокалдық немесе аспаптық ансамбльді, сонымен қатар хорды сүйемелдеу құзыреттілігіне ие, орындалатын шығармаларға ауызша түсініктеме жасап, мектептегі болашақ практикалық қызметі үшін қажетті музыкалық-орындаушылық репертуармен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеру қажеттілігін түсіндірді.
Шығармашылық отырыс қорытындысында қатысушылар тәжірибелерімен бөліскен оқытушыларға алғыс білдіріп, бірқатар білікті мамандар музыкалық білім беру мамандығы аясында өз тәжірибелерімен бөлісті.