М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Өнер» бөлімі «Хор дирижерлеу және музыка» ПЦК-сының «Музыкалық пәндерді оқытудың инновациялық технологиясы арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру» тақырыбындағы апталық аясында «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты қалалық хор фестивалі өтті. ???? Фестивальдің мақсаты – вокалдық-хордық өнерді насихаттау, дамыту және хор өнеріне жас жеткіншектерді тарту, дарынды орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарды іздеу, анықтау және қолдау. ????Өнерлі өрендердің конкурсына мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы, өнер мектебінің өнерпаздарынан құралған 10 хор ұжымы қатысты.
«Бақыт деген – сенің бала күндерің» қалалық хор фестивалінде қатысушылар өнерін бағалап әділ қазылық жасаған кәсіби мамандар:
1. Әділ-қазы алқасының төрағасы Қызылорда облыстық Филормонияның көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты «Орда» вокалдық ансамбілдің жетекшісі, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің хор дирижерлеу пәнінің оқытушысы Рысмаганбетов Рустам Болатұлы
2. Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің «Хор дирижерлеу» бөлімінің меңгерушісі, дирижерлеу пән оқытушысы Ким Ирина Федровна
3. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Бимағанбетова Рая Жайылханқызы.
Қазылар алқасының әділ бағалауы арқылы тума таланттарын еңбекпен ұштастырып, әндерді түрлі әуенде сөйлеткен жеңімпаздар марапатталды. Нәтижесінде:
➢ І орынды «Сұнқар» тобы Бөпежан балабақшасы (Жетекшісі: Түменбаева Назерке) және М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінің балалар хоры (Жетекшісі: Умарова Гульбану Абибуллаевна),
➢ ІІ орынды, Т.Есетов атындағы №264 мектеп лицейі «Жас дарын» хоры (Жетекшісі:Алпысбай Ақерке Алпысбайқызы) және Әл-Әзиз оқу шығармашылық орталығының «Әл-Әзиз» балалар хоры (Жетекшісі: Шоникова Гүлжан),
➢ ІІІ орынды Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі (Жетекшісі:Алтынбекова Нұрсұлу Абдуллақызы) және Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп «Самғау» хор ұжымы (Жетекшісі: Орда Жазира Ордақызы) иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
Жас өрендер ән мен жырдан шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.