Құқық бұзушылық пен қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін ата-аналармен құқықтық насихатты барынша күшейте отырып, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру – бүгінгі уақыт талабы. Осы мақсатта М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің барлық оқу бөлімдері студенттерінің ата-аналарымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында атқарылатын жоспарға сәйкес ҚР Ішкі істер министрлігімен ұсынылған «Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында есірткінің заңсыз айналымына қатысты», «Синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары туралы» бейнедәрістер көрсетілді.
Отбасылық құндылық, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, спортпен шұғылдану балаға есірткіге қарсы тәрбие тұрғысынан үлкен әсер ететінін бәріміз түсінуіміз қажет.