«ҚАЗАНҒАП КҮЙЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» АТТЫ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

«ҚАЗАНҒАП КҮЙЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» АТТЫ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

2023-02-22

    «Өнер» бөлімі «Музыкалық аспаптар» ПЦК-сының «Музыкалық пәндерді оқытудың инновациялық технологиясы арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру» тақырыбындағы апталық аясында «Қазанғап күйлерінің орындалу ерекшеліктері» атты шеберлік сағаты өтті.

    Шараның мақсаты –  күйшінің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу. Қазақ халқының күй өнерін түсіндіру, білім алушылардың бойына сіңіру және орындалу ерекшеліктерін игеру.

    Кездесуге Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің оқытушысы Әбсадықов Әлімжан Нағызханұлы, «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Рая Жайылханқызы және бөлім оқытушылары мен студенттер қатысты.

    Шеберлік сағатында Әлімжан Нағызханұлы күй тарту шеберлігінің негіздерін, күй тақырыбының мазмұнын толық ашылуын, домбыра тарту шеберлігінің дәстүрлі әдістерін сақтап ойнауға және Қазанғаптың күйлерін меңгеруге бағытталып үйретілді. Сонымен қатар, күйлердің тарихына тоқталып, иірім, қайырым, яғни әуен, сөз, фаршлаг, милизм, трель секілді әдіс-тәсілдерге бай шығармаларынан үзінділерді нақышына келтіре орындап көрсетті.

    Шығармашылық отырыс қорытындысында Рая Жайылханқызы музыкалық білім беру тәжірибесімен бөліскен Әлімжан Нағызханұлына колледж директорының «Алғыс хатын» табыстап, сый-сияпатын ұсынды.