М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Өнер» бөлімі және колледж мейірбикелерінің ұйымдастыруымен «Қыз бала денсаулығы – ұлт денсаулығы» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті .
Шараға Облыстық жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері М.Ә.Жусупова, Облыстық жастар денсаулық орталығының психолог маманы А.Шаймерден, «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Р.Бимағанбетова, колледж медбикелері Г.Айжанова, А.Алпыс және топ жетекшілері мен бөлім студенттері қатысты.
Мақсаты: Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуына жағдай жасау.
Шара барысында студенттерге «Ерте жүктілік» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, отбасын жоспарлауға байланысты маман пікірі тыңдалды. Облыстық жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері М.Ә.Жусупова қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі келешек аналар қолында десек, қыз бала тәрбиесіне бей-жай қарамау қажеттігін айта кетіп, тақырып төңірегінде жан-жақты кеңестер берді. Сонымен қатар «Өнер» бөлімінің студенттері әннен шашу шашып, шараға қатысушылардың көңілін көтерді.
Кездесу соңында психологиялық қолдау мақсатында А.Шаймерден семинар-тренинг жүргізіп, қатысушы бойжеткендер көкейлерінде жүрген жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандары тарапанынан жауап берілді.
Қорытындылай келе, кездесу қыз балалардың өздерінің қоғамдағы орнын сезінуіне, құндылықтарын айқындауына, өмірге мейіріммен, махаббатпен қарай білуге деген ұғымдарын тудырды. Сол себепті қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі келешек аналар қолында десек, қыз бала тәрбиесіне бей-жай қарамауымыз қажет.