М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің топ жетекшілеріне шеберліктерін шыңдау мақсатында психолог, тренер Аймаханова Назира Кенжебекқызының қатысуымен арнайы семинар-тренинг өткізілді.
Семинарда Назира Кенжебекқызы оқытушыларға ұжымдық қарым-қатынас, колледж студентерімен жұмыс жасау позициялары және тәжірибелерімен бөлусі арқылы көптеген маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Сонымен қатар, оқытушыларға студенттердің сабақта кездесетін жағдаяттарын сипаттай отырып, оларға жекелеген назар аудару мен әр баланың жанын түсінуі жайлы өз тәжірибесімен бөлісті.
Тренинг барысында практикалық жұмыстар жүргізіп, әр оқытушы жаңа идеяларды іздеп, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыда дамыды.
Қорытындылай келе, түрлі бағыттағы тренингтер мен жаттығулар оқытушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық тұрғыдан шабыттандырды.