М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 1 наурыз- Алғыс айту күнін атап өту және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен «Құшағын ашқан бәріне, Туған жер, саған мың алғыс!» тақырыбында колледжішілік 1-2 курстар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу.
Мәнерлеп оқуда студенттердің таланттары бірінен-бірі асып, байқау қонақтары мен әділ қазылар алқасының көңілдерінен шыға білді. Байқауда әуезді әуендер шырқалып, байқау қатысушылары мен қонақтарының көңілдерін көтеріп, байқаудың қызықты өтуіне септіктерін тигізді. Сонымен қатар, колледжіміздің 2022 жылғы бітіруші түлегі Санақұл Бек-Сұлтан өзінің «Туған жер», «Педагог қыз» өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді.
Жас ақындарымыздың жырларын әділ бағалап қазылық жасаған қонақтар қатарында:
Колледжіміздің жастар ісі жөніндегі инспекторы Шернияз Жалғасбекұлы,
Колледжіміздің түлегі, жас ақын Санақұл Бек-Сұлтан. Байқау қорытындысы бойынша:
І орын - ҚТ-Ж-21 оқу тобының студенті Тлеуова Гүлдана,
ІІ орын - ШТ-М-22 оқу тобының студенті Қуанышбай Гүлім ,
ІІІ орын - ҚТ-Ж-21 оқу тобының студенті Бұрхат Зере, ҚТ-Ж-21 оқу тобының студенті Нұржамал Нұрланқызы және Нұржамал Бақытқызы иеленді. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады.
Шығармашыл, талантты сайыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!