АЛҒЫС АЙТУ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

АЛҒЫС АЙТУ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

2023-03-01

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – асыл қасиет» атты мерекелік кеш өтті. Аталған мерекелік шараға Қызылорда облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Шакизатұлы, колледж басшысы Жақсыгүл Қоханқызы, жетістікті студенттердің ата-аналары мен бөлім оқытушылары қатысты.

    Алдымен кеш қонақтары колледж фойесінде ұйымдастырылған «Жер-Ана, Су-Ана, От-Ана» музыкалық қойылымын тамашалап, «Алғыс» ағашын лебіз жапырақтарымен көркейтті.

    Салтанатты жиында алғаш сөз алған Бекжан Шакизатұлы «Алғыс айту» күнімен құттықтап, жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара үшін колледж ұжымына ыстық ықыласы мен ризашылығын білдірді. Жастарға үнемі қолдау көрсетіп, отбасындағы ата-анасынан алған тәлімі мен алған білімін ұштастыруын қадағалайтын колледжіміздің басшысы Жақсыгүл Қоханқызы мереке қарсаңында жетістікті студенттердің ата-аналарына «Алғыс хат» табыстады. Осы орайда ата-аналардың құрметіне Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, колледж оқытушысы Айқын Кенжеғараева  «Перзент парызы» әнін арнады.

    Мерекелік кеш барысында «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында әр мамандықтың білім алушылары өз жүрекжарды лебіздерін білдіріп, «Өнер» бөлімінің талантты өнерпаздарының орындауында «Алғыс» әні шырқалды. Сонымен қатар, батагөй қария Сапабек Омарұлы колледж басшысы мен оқытушыларына және білім алушыларға ізгі тілегін білдіріп, батасын берді.