М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде білім алушылардың қолөнер бұйымдарына деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақыттарын тиімді өткізуге үйрету мақсатында «Шебердің қолы – алтын» тақырыбында «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің оқытушылары мен студенттері арасында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қол моторикасын дамыту, қолөнердің әр түрлі техникасымен бұйымдар жасау. Оқушының теориялық білімділігін, ой құрастыру әрекетін, танымдық қабілетін арттыру, оқушының логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал ету. Шығармашылық қабілетін арттыру эстетикалық талғамын ұштау, жауаптылыққа, ұстампаздыққа тәрбиелеу.
Шара барысында білім алушылар мамандыққа икемдеу барысында сабаққа арналған түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, көрнекіліктер дайындады. Аталған бұйымдарды жастар өз қолдарымен қиып, жасап көрді және қолөнер бұйымдарына деген қызығушылықтары арта түскендігін айтып өтті. Шараға белсене қатысқан студенттерге сертификат табысталды.