«ҚЫЗ ЕРКЕМ – ҚЫЛЫҒЫМЕН КӨРКЕМ» АТТЫ ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ҚЫЗ ЕРКЕМ – ҚЫЛЫҒЫМЕН КӨРКЕМ» АТТЫ ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2023-03-09

    8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қыз еркем – қылығымен көркем» атты қыз сыны байқауы өтті.

    Сайыстың мақсаты – сыры мен сымбаты, ақылы мен парасаты, талғамы мен талабы үйлесім тапқан колледж аруын анықтау арқылы жастарға рухани – эстетикалық тәрбие беру болды. Сұлу да сымбатты, білімді де өнерлі, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін 6 аруларымыз төрт кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.

    Бар шеберліктерін салып өнер көрсеткен арулар сұлулылығы мен сымбаттылығы, ақылдылығы, инабаттылығы, өзін-өзі ұстай білуі, өнері, ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу, білім деңгейлеріне қарап бағаланды. Сұлулық байқауының жеңімпазы атанамын деп келген қыздардың білімділігімен қатар тапқырлығы да сынға түсті.

    Байқау қорытындысы бойынша  өз білімімен, өнерімен, жан-жақтылығымен  «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің білім алушысы Сағадат Шапағат жеңімпаз атанды.

  ІІ орынды «Филология» бөлімінің студенті Төлеген Ақбота,

  ІІІ орынды «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің студенті Әлібек Аймереке иеленді. Сонымен қатар, байқауға қатысушы аруларымыз үздік өнер көрсеткені үшін марапатталып, сыйлықтар табысталды.

    Колледждің ару қыздарының сән мен сымбат кеші барлық жастарға мереке тұсында көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.