М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде топ жетекшілерімен білім алушылардың қарым-қатынасын оңтайландыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдері бойынша «Филология» бөлімінің топ жетекшісі Жәнібек Қонысов «Студенттердің бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыстастыру» және «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің топ жетекшісі Назгүл Бегалиева «Маман даярлау үшін тәрбие бағыттары бойынша жұмыстарды жүйелеу» тақырыбында арнайы шеберлік сабағын өтті.
Мақсаты: Өзін және қоршаған әлемді оң қабылдауды қалыптастыру, өзіне және айналасындағыларға мейірімді және қамқор қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тренинг барысы:
Сәлемдесу
«Бес қасиет» жаттығуы
Пікір алмасу
«Өмір белестері » жаттығуы
«Әріптер сөйлейді» жаттығуы
«Есте қалған қызықты оқиға» жаттығуы
Сергіту сәті
Шеберлік сабағында топ жетекшілерге түрлі психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кез-келген мәселені тиімді жолдармен шешуге болатындығы, сонымен қатар ұжымдық қарым-қатынас, колледж студенттерімен жұмыс жасау позициялары және олардың балалармен жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлусі арқылы көптеген маңызды мәселелер талқыланды.
Шеберлік сабағы өте қызықты, әсерлі әрі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқытушылардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік берді. Шара соңында оқытушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, керемет көңіл күйде ыстық ықыластарын білдірді.