Ұлағат ұясында «Дарын» БПҰ-ның ұйымдастыруымен партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында танымдық кездесу кеші өтті.
Шараның мақсаты – Ауған соғысына қатысушылардың Отан алдындағы борышына, жауынгерлік антына адал болғандығының ақиқаттығын дәріптеу, олардың ерлік жолдарын жас ұрпаққа өнегелеу.
Танымдық кешіне «Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы, Тәжік-Ауған соғысы ардагерлері Бейсенов Қайрат, Садыков Ақылбек, «AMANAT» партиясы ҚҚФ маманы Амангелді Дамир, колледжіміздің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жетекшісі, запастағы аға-лейтенант Оңдасын Жолдасбайұлы, Жастар ісі жөніндегі инспектор Шернияз Жалғасбекұлы және «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің студенттері қатысты.
Ерлік жасау мамандық пен сала таңдамайды. Кездесу ауған соғысының ардагерлерін таныстыру және олардың ерлігін қастерлеп, жас буынға насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Тағылымды кездесу барысында ауған соғысының ардагерлері сұрапыл соғыс жылдардағы жауынгерлердің басынан кешкен қиындықтары жайында айтып беріп, келешек жастарды елін қорғауға шақырды.
Білім алушылар ауған соғысының ардагерлерімен ашық сұхбаттасып, кеш қонақтарының ерлігін елге кеңінен насихаттауды, олардың әр ісін үлгі етуді мақсат ететіндерін айтты. Кездесу барысындағы қойылған сұрақтар, берілген жауаптар, жастардың көтеріңкі көңіл-күйі, жалынды жастардың көздеріндегі шынайы ұшқыннан, жүздеріндегі сезіліп тұрған ерекше күйден-ақ байқалды.