М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде топ жетекшілерімен білім алушылардың қарым-қатынасын оңтайландыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдері бойынша арнайы шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабағын «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің топ жетекшісі Ләззат Күзбаева «Топ жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында топ жетекшілерімен өзара әрекеттесуге негізделген іс-шара өтті.
Мақсаты: Өзін және қоршаған әлемді оң қабылдауды қалыптастыру, өзіне және айналасындағыларға мейірімді және қамқор қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Шеберлік сабағында топ жетекшілерге түрлі психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кез-келген мәселені тиімді жолдармен шешуге болатындығы, сонымен қатар ұжымдық қарым-қатынас, колледж студенттерімен жұмыс жасау позициялары және олардың балалармен жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлусі арқылы көптеген маңызды мәселелер талқыланды.
Шара соңында оқытушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, керемет көңіл күйде ыстық ықыластарын білдірді.