Шиелі ауданы орталығындағы және елді мекендердегі мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді

Шиелі ауданы орталығындағы және елді мекендердегі мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді

2023-04-12

    Оқу өндірістік бөлімнің аймақ көлеміндегі мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес Шиелі ауданы орталығындағы және елді мекендердегі мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.

    Аталған шараға оқу орны оқытушылары Марат Буксукбаев және Мөлдір Сахиева арнайы барып, түлектер қауымына кәсіби бағдар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нақты айтқанда «Кәсіби бағдар» аясында оқуға түсудің ережелері мен алғышарттары, басымдықтары турасында толыққандымәлімет берілді. Сондай-ақ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде  білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар таныстырылды.