КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЕР БАЛАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЕР БАЛАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

2023-04-12

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,  балалардың қауіпсіздігін сақтау, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында ағымдағы жоспарға сәйкес барлық оқу бөлімінде ер балалар жиналысы болып өтті.

    Жиналысқа колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.Жұмаділдаев, ұйымдастырушы-педагог Ж.Тютебаева, әлеуметтік-педагог М.Қиынбаева, Жастар ісі жөніндегі инспектор Ш.Жалғасбекұлы, колледж психологтары Ж.Уәлибекқызы, Н.Жүрсінбек сонымен қатар топ жетекшілері және бөлімдегі ер балалар қатысты.

    Аталған жиын барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева колледждің ішкі және сыртқы ережелерімен қоса, қаламызда кездесіп жатқан топтық төбелес, бұзақылық және құқық бұзушылық фактілерін мысалға келтіре отырып, ер балаларға жақсы тәрбие алып, тәртіпті, білімді, кәсіби маман болу қажеттігін түсіндірді.

    Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.А.Жұмаділдаев қазіргі кезде қоғамда орын алып жатқан түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтардан сақтандыру, алдын алу профилактикалық шараларын жүргізіп, жаза басқан ер балалар мен оларға қолданылып жатқан жазалар, жасөспірімдер арасындағы орын алған қылмыстық фактілер жайында түсірілген материалдармен таныстырып өтті.