
Оқу өндірістік бөлімнің аймақ көлеміндегі мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес Қармақшы ауданы орталығындағы және елді мекендердегі мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараға оқу орны оқытушылары Ұлжан Есмаханова және Алма Жалдыбаева арнайы барып, түлектер қауымына кәсіби бағдар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нақты айтқанда «Кәсіби бағдар» аясында оқуға түсудің ережелері мен алғышарттары, басымдықтары турасында толыққанды мәлімет берілді. Сондай-ақ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар таныстырылды.