Бөлімаралық 1-2 курс білім алушылары арасында «Art&Аnimation» цифрлық сурет және анимация байқауы өтті

Бөлімаралық 1-2 курс білім алушылары арасында «Art&Аnimation» цифрлық сурет және анимация байқауы өтті

2023-04-12

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің  «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімі, «Ақпараттық жүйе» ПЦК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Педагог кәсібилігі: ізденіс, шыңдалу, нәтиже» апталығы аясында бөлімаралық 1-2 курс білім алушылары арасында  «Art&Аnimation» цифрлық сурет және анимация байқауы өтті.

    Байқау мақсаты – жастардың ІТ саласындағы қабілетін арттыру болып табылады.

    Білім алушылардың шығармашылық идея және оқу-танымдық қызығушылығын ынталандыру көзделген бұл сайыста талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және оған қолдау көрсету, студенттерді өз бетіндік жұмыстарға ынталандыру міндеттері орындалды. Байқау аясында «Анимация әлемі» және «Арт-графика» бағыттары жұмыс жасады. Байқауға қатысушылар берілген  мәтін бойынша қолданбалы бағдарламаларда анимациялық мультипликация жасап, графикалық кескін (сурет) салды.

    «Цифрлық сурет және анимация» байқауын әділқазы мүшелері бағалап, ұсынылған студент жұмыстарының ең үздік деп танылғандары жүлделі орындармен марапатталды.