«БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ» бітіруші студенттерге арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді

«БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ» бітіруші студенттерге арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді

2023-04-14

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Болашақ бүгіннен басталады» бітіруші студенттерге арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

    Мақсаты: ЖОО-да білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуы, ғылыми және практикалық аспектілері, жоғары кәсібилік, қоғамға, мамандыққа қызмет етуге дайын болу сияқты заманауи мамандарды даярлау сапасының жеке көрсеткіштерімен танысу. Кәсіби бағдар беру арқылы білім алушыны мамандық әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын кәсіби талаптарымен таныстыру. Нарықтық экономика жағдайындағы саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеу.

    Шараға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары, қауымдастырылған профессор, Ресей Федерациясы педагогика ғылымдарының кандитады Г.Т.Абитова, педагогика ғылымдарының кандитаты Ұ.Б.Төлешова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры А.М.Жубандыкова, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс магистранттары, «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің меңгерушісі С.Назарова мен бітіруші түлектердің ата-аналары және оқытушылар, студенттер қатысты.

    Жоспарға сәйкес:

    «Кәсіби білім беру сапасын арттыру:әлеуметтік әріптестік нәтижелер мен даму жолдары» тақырыбында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі Мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі Назарова Сағида Ахметжанқызы,

    Жоба: «Заманауи қазақ ертегілері мен мультипликациясы» тақырыбында МДБ-Н-20 тобының студенттері (Жетекшісі: Маханбетәбдиева Айнұр Маханбетәбдиқызы)

    Жоба: «Жаңбыр неге жауады?» тақырыбында МДБ-Қ-21 оқу тобының студенттері (Жетекшісі: Мукушева Амина Оңғарбайқызы)

    Сыңғырлы дыбыстар оркестрі МДБ-Т-21 оқу тобының студенттері (Жетекшісі: Мансурова Меруерт Алмабекқызы)

    Машықтанушылар практика барысындағы педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижесі бойынша ой бөлісіп, рефлексиялық анализ жасады және үздік деп танылған бітіруші түлектер панорамалық сабақ түрін көрсетті. Шарада шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдыларын дамытып, ең ерекше құрал ретіндегі педагог тұлғасын қалыптастыратын, оқу мен оқыту үдерісін жүйелі ұйымдастыру тәжірибесі көрсетілді. Сонымен қатар, заманауи сандық білім беру платформалары арқылы білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары түсіндірілді.

    Әрі қарай қатысушылар колледждің мәжіліс залында ұсыныс-пікір алаңында бас қосып, «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің меңгерушісі С.Назарова шараға қатысқан қонақтарымызға, өткізуге атсалысқан пән оқытушыларына  алғысын білдіріп, шараны қорытындылады. Кәсіби бағдар беру жұмысы бітіруші түлектердің ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылық-танымдық және коммуникативті дағдысын қалыптастыруға үлкен ықпалы мен септігін тигізді.