Қазалы ауданы орталығындағы және елді мекендердегі мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді

Қазалы ауданы орталығындағы және елді мекендердегі мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді

2023-04-15

    Оқу өндірістік бөлімнің аймақ көлеміндегі мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес ауданы Қазалы ауданы орталығындағы және елді мекендердегі мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.

    Аталған шараға оқу орны оқытушылары Айнұр Жетілгенова және Мөлдір Әлібаева арнайы барып, түлектер қауымына кәсіби бағдар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нақты айтқанда «Кәсіби бағдар» аясында оқуға түсудің ережелері мен алғышарттары, басымдықтары турасында толыққандымәлімет берілді. Сондай-ақ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде  білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар таныстырылды.