«Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде тақырыбындағы апталық аясында «Спорт – біздің өміріміз» атты қалалық Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген волейбол жарысында топ жарып, үздік шыққаны үшін колледж командасы I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясын Әзім Әділет, «Үздік үйлестіруші» номинациясын Қалдыбек Руслан иеленді.
Жетекшілері: «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің ұстаздары Ерниязова Маусымжан және Ботаев Самат.