Бөлімаралық колледж оқытушылары арасында «Логика LIFE» атты интеллектуалды-логикалық сайыс өтті

Бөлімаралық колледж оқытушылары арасында «Логика LIFE» атты интеллектуалды-логикалық сайыс өтті

2023-04-18

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің  «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімі, «Жаратылыстану» ПЦК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Педагог кәсібилігі: ізденіс, шыңдалу, нәтиже» апталығы аясында бөлімаралық  колледж оқытушылары арасында «Логика LIFE» атты интеллектуалды-логикалық сайыс өтті.

    Мақсаты: Оқытушылардың логикалық ойлауын дамыту, дарынды, қабілетті оқытушыларды айқындау.

    Интелектуалды-логикалық сайысқа колледж 6 бөлім 3 оқытушыдан топ құралды. Эстафеталық сайыстың барысы 4 кезеңнен тұрды. «Таныстыру» кезеңінде әр топ команда атауын, өзі қызмет атқаратын бөлімін креативті түрде таныстырып өтті. Сондай-ақ «Сандар сыр шертеді» кезеңінде ұсынылған әуенде кездесетін сан немесе терминдерді тауып, жасырылған сұрақтарға жауап берді.

    «Логика LIFE»  интеллектуалды-логикалық сайысында оқытушылар ойын барысында қарсылас болуы олардың арасындағы сыйластық пен достықты қалыптастыруға, нығайтуға әрі білімдерін арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, ойында қатысушы командалардың өкілдері барынша белсенділік танытып, қойылған сауалдарға нақты жауап беруге тырысты.

    Әділқазы алқасының әділ бағалауымен сайыс нәтижесінде жеңімпаз командалар:

    І орынды «Шетел тілі» бөлімі,

    ІІ орынды «Филология» бөлімі,

    ІІІ орынды «Бастауыш білім беру» бөлімі иеленді.