Бүгін облыстық білім басқармасы «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігімен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатындағы пилотты жобасын іске қосты.
Шарада М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.
Бірлескен жоспар аясында іске асырылып жатқан жоба арқылы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында арнайы мамандармен облыс бойынша кездесулер, дәрістер өткізіліп, семинарлар ұйымдастырылатын болады.