М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «QOSYL» жастар орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге «Әділдік жолы» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Маралбекқызы, Жастар ісі жөніндегі инспектор Шернияз Жалғасбекұлы және оқытушылар, топ студенттері қатысты .
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы түсіндірмелер жасалынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.