Білім ордасында «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы мен Қызылорда облыстық білім басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен «Тазалық - өмір айнасы» пилотты жобасының аясында ата-аналар үшін репродуктивті тәрбие жөніндегі алғашқы дәрістер білім алушылардың ата-аналары үшін өткізіліп, ақпараттық брошюра таратылды, осы пилоттық жоба аясында ата-аналардың келісімімен балаларыда қатысатынын және репродуктивті тәрбие жөнінде 3 академиялық дәріс алатыны жөнінде түсіндіріліп рұқсаты сұралды.
Ата-аналар тарапынан дәрістерді оң қабылдап, өздерін ойландырған сұрақтарын «Сенімен Болашақ» РҚБ психолог мамандары Сымбат Абдрахманова, Жұмакүл Баяновадан келелі жауаптар алынды.
Дәріске қатысқан ата-аналардың 95%-ы келісіміндерін жазбаша түрде берді. Ата-аналар мұндай дәрістердің балабақша мамандары мен жас ата-аналардан бастап мектеп және колледж ата-аналарына және колледждер мен университет студенттеріне де оқыту қажет екендігі жөнінде ұсыныс беріп, бүгінгі біздің және балаларымыздың да алған репродуктивті білімі, балаларының келешек ұрпағында болуы мүмкін мәселелермен түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алатынын айтып, Сенімен Болашақ РҚБ бірлестігінің миссия мен мақсытын қолдайтынын және алғысын жеткізді.