«Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2023-05-03

    Оқу орнымызда Қызылорда Облысының Білім Басқармасы «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын-алу шараларын жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы» жоспарына сәйкес «Шетел тілі» бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Шараның мақсаты – арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырып, психикаға белсенді әсер ететін зиянды заттар туралы ақпарат беру, олардың адам ағзасына кері әсерін түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

    Ақпараттық жиын барысында білім беру ұйымдарында «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтынудың ауыр салдары, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, интернетке тәуелділік,  құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігімен ұсынылған «Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында есірткінің заңсыз айналымына қатысты», «Синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары туралы» бейнедәрістер көрсетіліп, полиция органдарымен әзірленген жадынамалар таратылды.

    Шара барысында студенттер пайдалы құқықтық ақпарат алып және кері байланыс орнатылып, өз сұрақтарына жауап ала білді.