
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 04.05.2022 күні республика бойынша бір мезгілде жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді.
«Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жазылған диктантқа колледжіміздің 550-ден астам студенттері қатысты.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау;
Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
Диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу болып табылады.