2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша колледж білім алушыларына «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал обьектілері мен Білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал обьектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес барлық топ студенттеріне және оқытушылар мен техникалық қызметкерлер үшін ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында өтті. Сонымен қатар, білім алушы колледж студенттері мен мектеп оқушыларының оның ішінде діни білімге қызығушы жастардың қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сондай-ақ зайырлылықтың негізгі қадиғаттары түсіндіріліп, жан-жақты талқыланды.
Кездесу соңында аталған тақырып төңірегінде студенттер өз ойымен бөлісіп, пікір алмасты.