«Қазақтың қара өлеңі - құдіретім» атты колледж оқытушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті

«Қазақтың қара өлеңі - құдіретім» атты колледж оқытушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті

2023-05-22

    Колледжімізде «Қазақ тілі мен әдебиеті, әдістемелерімен» ПЦК-ның ұйымдастыруымен «Филологиялық ғылымдар: Ізденіс. Озат тәжірибе. Жетістікті нәтиже» апталығы аясындағы «Қазақтың қара өлеңі - құдіретім» атты колледж  оқытушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: Қатысушыларға  мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Қатысушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

    Мәнерлеп оқуда оқытушылардың таланттары бірінен-бірі асып, байқау қонақтары мен әділ қазылар алқасының көңілдерінен шыға білді. Байқауда әуезді әуендер шырқалып, байқау қатысушылары мен қонақтарының көңілдерін көтеріп, байқаудың қызықты өтуіне септіктерін тигізді. Сайыстың алғашқы кезеңінде өз қалауы бойынша кез келген ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқыса, екінші кезеңінде оқытушылар әдеби шығармадан диалогты нақышына, мәнеріне келтіріп оқыды.

    Қатысушыларымыздың өнерін әділ бағалап қазылық жасаған қонақтар қатарында:

    Филология бөлімінің оқытушысы Ахунов Бақытжан Кенжебекұлы

    Колледжіміздің жастар ісі жөніндегі инспекторы  Шернияз Жалғасбекұлы, Байқау қорытындысы бойынша:

    І орынды Айдана Қалилаева,

    ІІ орынды Фатима Алтаева,

    ІІІ орынды Нұрбану Барлыбай иеленді.

    Сайыс соңында әділ қазылар алқасы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады.