Мәншүк жастары Мемлекеттік хатшымен кездесті

Мәншүк жастары Мемлекеттік хатшымен кездесті

2022-05-13

Мәншүк жастары Мемлекеттік хатшымен кездесті 
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Сыр еліне сапары барысында қызылордалық жастармен кездесті. Кездесуде конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы талқыланып, жастар өзгертулер мен толықтырулар жұмыстарына зор үмітпен қарайтындығын, сондай-ақ реформаны қолдайтындығын жеткізді. 
Сонымен қатар Ерлан Тынымбайұлы колледж студенті, жас өнертапқыш Руслан Бақбергеновтің «Виртуалды сынып – инклюзивті білім беру» стартап жобасымен танысып, оң бағасын берді.  Жобаның мақсаты -мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау.