«Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтт

«Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтт

2023-05-25

    Оқу орнымызда Қызылорда Облысының Білім Басқармасы «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын-алу шараларын жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы» жоспарына сәйкес «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен ОТ-Р-22, ҚТ-З-22 оқу топтарына «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

    Шараның мақсаты – психикаға белсенді әсер ететін зиянды заттар туралы ақпарат беру, олардың адам ағзасына кері әсерін түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

    Ақпараттық түсіндірме барысында білім беру ұйымдарында «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтынудың ауыр салдары, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, интернетке тәуелділік,  құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды.

    Шара барысында «Филология» бөлімінің студенттері «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында флешмоб қойып, талантты өнерпаздардың орындауында бірқатар әндер шырқалды. Сонымен қатар, колледжіміздің белсенді студенті Виктория Двоеглазова «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты монологын нақышына келтіріп оқып берді.

    Жиын барысында толық және қызықты мағлұмат алған студенттер алғыстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісіп өтті.