І.Қабылов атындағы №12 ақпараттық технология мектеп-лицейінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

І.Қабылов атындағы №12 ақпараттық технология мектеп-лицейінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

2023-05-25

    Оқу өндірістік бөлімнің аймақ көлеміндегі мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес:

    Т.Есетова атындағы №264 мектеп-лицейінде Сандуғаш Қылышбаева,

    Осипенко атындағы №8 орта мектебінде Нұргүл Нетбаева мен Аманкүл Өтемісова,

    І.Қабылов атындағы №12 ақпараттық технология мектеп-лицейінде Қарлығаш Серікбаева мен Айдана Қалилаева мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

    Аталған шараға оқу орны оқытушылары арнайы барып, түлектер қауымына кәсіби бағдар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нақты айтқанда «Кәсіби бағдар» аясында оқуға түсудің ережелері мен алғышарттары, басымдықтары турасында толыққандымәлімет берілді. Сондай-ақ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде  білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар таныстырылды.