«Кәсіптік білім берудегі интеграциялық үрдістердің күшею жағдайын жаңғырту» атты облыстық семинар өтті

«Кәсіптік білім берудегі интеграциялық үрдістердің күшею жағдайын жаңғырту» атты облыстық семинар өтті

2023-05-25

    Қазалы көлік – техникалық жоғары колледжінің базасында  «Кәсіптік білім берудегі интеграциялық үрдістердің күшею жағдайын жаңғырту» атты облыстық семинар өткізілді. Облыстық семинарға колледжімізден оқу орны басшысы Жақсыгүл Қоханқызы, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Орманқызы және Жастар ісі жөніндегі инспектор Шернияз Жалғасбекұлы қатысып келді.

    Семинардың мақсаты - дуалды оқыту жүйесімен қатар, колледжді қамқорлыққа алған кәсіпорындар, индустриальдық және қамқоршылық кеңестің жұмыстары, түлектердің жұмысқа орналасуы мен халықаралық серіктестіктердегі кәсіптік білім берудің интеграциялық үрдістерін күшею жағдайын жаңғырту.

    Алдымен қатысушылар заман талабына сай жабдықталған оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттері, шеберханалар мен зертханалар, «Жас маман» құзыреттілік орталығымен және Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіндегі қамқорлыққа алған серіктес кәсіпорын «Қамқор Локомотив» ЖШС «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» филиалына экскурсия мен Қазалы белгі беру байланыс дистанциясы ШЧ-40 әлеуметтік серіктес мекеменің өндіріс тынысымен танысып, семинар «Теориясыз-практика мәнсіз, практикасыз-теория жансыз» тақырыбында семинар-тренингпен жалғасты.

    Семинарды Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ізімбетов Әзизбек Жәнібекұлы ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Қазалы көлік – техникалық жоғары колледжінің директоры Б.Ахметов «Кәсіптік бағдар беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру жолдары», ШЧ-40 директоры А.Рахметов «Дуалды оқыту – білім мен білік дағдысының кепілі» тақырыбында баяндама жасады.

    Мазмұнды шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ жастары технарь болуы керек» деген ұранымен «Сен болмасаң кім?/Идеялар матрицасы/» атты облыстық жастар форумымен жалғасын тапты.