ЖАЙДАРМАН ФИНАЛ

ЖАЙДАРМАН ФИНАЛ

2023-05-31

    Бүгінде көпшілік жастардың бірден-бір шығармашылық ортасы – «Жайдарман ойындары». Оқу орнымызда Жастар комитетінің ұйымдастыруымен «Жайдарман Финал» колледжішілік жайдарман ойыны өткізілді.

    Колледжішілік командалар арасында өткен жайдарман сайысына 4 команда қатысып, әзіл бәсекесінде бақ сынады.

    Жас әзілкештердің ойынына колледж директоры, жастар жанашыры Жақсыгүл Қоханқызы, жайдарманшы, Облыстық Жайдарман ойындарының редакторы Өмірсерік Әбдірахманұлы, «ПТК» каналының өнерпаздары әділқазылық етті.

    Тартысты  әзіл сайысының нәтижесінде «ҚазақӘбеттер» командасы Мәншүк кубогінің иегері атанды және Облыстық Жайдарман ойындарына жолдама табысталды. Сондай-ақ Абзал Жақашев «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

    Ойын соңында лоторея өткізіліп, бағалы сыйлықтар ойнатылды.

    Бірлігі жарасқан оқу орындарының білім алушылары келген көрермендерді күлкімен қарық қылып, астарлы әзілдерімен ой тастай алды.