М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 2022-2023 оқу жылында бітіруші курс студенттері үшін оқу жүйесі кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау емтихандары басталды.
Ағымдағы жылы 9 мамандық 14 біліктілік бойынша күндізгі оқыту нысанында 378 студент диплом алады деп күтілуде. Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы 60% өндірістің тәжірибелі мамандарынан, 40% оқу орнының арнайы пән оқытушыларынан құрылды. Емтихан барысында колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы емтихан тапсырушы студенттерге сәттілік тілеп, болашақ құзыретті маман ретінде еліміздің білім саласын дамытуға зор үлес қосуға шақырды.