Қызылорда облысының білім, денсаулық сақтау басқармалары, Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының «Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күніне орай облыста он күндік өткізу туралы» бірлеске бұйрығы бойынша колледж мейірбикелерінің ұйымдастыруымен апталық өткізілді.
Белгіленген жоспарға сәйкес:
«Шетел тілі» бөлімі «Тағам қауіпсіздігін сақтау» семинар-тренингі,
«Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімі «Дені саудың – жаны сау» акциясы,
Жатақхана тұрғындарымен «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау және қоғамдық тамақтану орындарында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру»дөңгелек үстелі,
«Филология» бөлімі «Дұрыс тамақтану мәдениеті» семинар-тренингі,
«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімі «Семіздік және оның денсаулыққа әсері» эстафеталық-спорттық сайысы,
«Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі «Тамақтанудың негізгі ережелері» дөңгелек үстелі,
«Бастауыш білім беру» бөлімі «Салауатты тамақтану – ұлт саулығының негізі» акциясы,
«Өнер» бөлімі «Біз тағам қауіпсіздігін сақтай отырып, инфекцияның алдын аламыз» флешмобы өткізілді.
Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күні жыл сайын 7- маусымнан басталады. Бұл күн - халық денсаулығын тамақ өнімдерінен келетін зияндылықтардан қорғау, тұтынатын тамақ өнімдерінің құрамына дұрыс назар аудару болып табылады. Осы мақсатта колледж мейірбикелері барлық бөлім студенттері арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, тамақ қауіпсіздігі арқылы аурулардың алдын алу бойынша флешмобтар мен акциялар, семинарлар, дөңгелек үстел іс-шараларын өткізді.