М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушылар мен қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы "Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек.Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет. Экономиканың басымдықтарына, аймақтың және саланың ерекшеліктеріне байланысты тиімді қаржыландыру тәсілдері керек. Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады" - деп білім жүйесіне қатысты мәселелерді қозғады.
Президент сондай-ақ,өз Жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырды. Білім беру мекемелеріндегі психологиялык қолдау қызметін институциональды түрде күшейтуді,бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды,зорлық-зомбылыққа және қысымға,яғни, буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керектігіне тоқталды ".Біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз.... Жол,ғимарат, киім-кешек,азық-түлік,яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек.Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы - өте маңызды мәселе", деп атап көрсетті Президент.
Сонымен қатар,заң және тәртіп, өзара түсіністік,тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет боламыз,мәдениетті, білімді,ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керектігін атап айтты.