Білім ордамызда Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Шернияз Жалғасбекұлының ұйымдастыруымен “AMANAT” партиясиясының “Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы” атты кездесуі өтті. Мақсаты: жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Кездесуге Колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Маралбекқызы және ұйымдастырушы педагог Айбибі Маратқызы қатысты. Кеш барысында студенттер ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін ортаға салды. Өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың асыл мұраларын әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген ұлттық, азаматтық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық!