ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ
Оқу орнымызда колледж студенттеріне құқықтық білім беру және құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында жиын өткізілді. Жиынға колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Исаева, колледж инспекторы, полиция аға лейтенанты Р. Жумадилдаев, «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК оқытушылары Қ.Төремұратов, Л.Ахметова, колледж психологы Ж. Уалибекқызы, ұйымдастырушы педагог А.Жәнібек және білім алушылар қатысты.
Профилактикалық шараны директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Исаева ашып, студенттердің колледждің ішкі тәртіп ережесіне бағыну және оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК оқытушысы Қ.Төремұратов «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтынудың ауыр салдары, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, интернетке тәуелділік, құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру бойынша және Л.Ахметова оқу орнындағы құқықтық сауаттылық, студенттің құқығы мен міндеті, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Колледж педагог-психологы Ж.Уалибекқызы құмар ойындарының жасөспірімдерге зиянын түсіндіріп, колледж инспекторы Р.Жұмаділдаев өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы құқық-бұзушылық, студенттердің беймезгіл уақытта жүрмеуі, зиянды әрекеттерден аулақ болу жайттарын түсіндірді. Колледж әкімшілігі қатысқан шарада студенттер пайдалы құқықтық ақпарат алып және кері байланыс орнатылып, білім алушылар өз сұрақтарына жауап ала білді.