I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТАР СЪЕЗІ
⚜️ Астанада "Ұстаздар күні" мерекесі аясында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қазақстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылған бірегей шара– Республикалық педагогтар съезі өтті.
✨ Педагогтер съезі – мұғалімдер, ата-аналар, жоғары және орта оқу орындары мен мектеп басшылығы үшін кәсіби білім беру платформасын құруға бағытталған бастама.
✨ Аталмыш съездге білім ордамыздың "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бөлімінің білікті ұстазы ЕСМАХАНОВА ҰЛЖАН ӘЛІБАЙҚЫЗЫ қатысты.
✨ Республикалық педагогтар съезінде ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Съезд барысында білім беру саласын дамыту бойынша ұсыныстармен бірқатар өңірлердің мұғалімдері сөз сөйледі.