ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – КАЛЕЙДОСКОП

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – КАЛЕЙДОСКОП

2023-10-13

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – КАЛЕЙДОСКОП

 №3 "Алтын Орда-Шұғыла" балабақшасы базасында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының бітіруші МДБ-Т-20 оқу тобымен өндірістік оқытудан тәжірибелік алаң өткізілді.

 

Мақсаты: болашақ мамандарды  балалармен жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыруға қатыстыра отырып дуалды оқыту.

 

Тәжірибелік алаңға директордың оқу–өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.О. Оразымбетова, "Мектепке дейінгі тәрбие" бөлімінің меңгерушісі Б.Жұмаділдаева, пән оқытушылары А.Мукушева, У.Есмаханова және балабақша меңгерушісі Б.С.Төлегенова, Балабақша әдіскері Ш.Ғаббасова және тәрбиешілер қатысты.

 

Тәжірибелік алаң "Бала арманы" атты көлеңке театрымен сахналық қойылым арқылы ашылды. "Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады" дегендей, машықтанушылар жеке пән әдістемелері бойынша кіріктірілген жаңа форматтағы ұйымдастырлған іс-әрекеттерінің ашық көрсетілімін ұсынды. Сонымен қатар, шара балалармен бірге қағазбен және шармен орындалатын көңілді оркестрге ұласты. Балабақша тәрбиеленушілерімен бірлескен степ аэробика қызықты қимылды ойындар және ырғақты қимылдар арқылы  жалғасын тапты.
Шара соңы түрлі балалар әрекетін ұйымдастырудағы ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, еңбек, дербес іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған дағдылар бойынша дайындалған дидактикалық материалдар көрмемен және машықтанушылар мен тәрбиешілер бірлесіп шығарған хор ұжымы қазақша әндерден попурри орындап, аяқталды.

 

Ішкі жан дүниесін нұр шалған адам ұғымтал, білімдар, іскер, еңбеккер келеді. Ол нұрдың аты оқу, ғылымға құмарту, білім теру. Білімін үздіксіз іздеу ғана адамды тоқтаусыз өсіреді. Осыны ұмытпаған ұтады, әрқашанда от жүректі, намысшыл азамат, отаншыл болу әрбір адамның басты міндеті деп білеміз. Ал енді "Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы" демекші, шеберлікті шеберден, іскер ұстаздан үйренген шәкірттің өнері бәрінен де артық тұратыны анық. Ол білім алушыларымыздың іс-тәжірибесінен көрініп-ақ тұр.