"TRANSFUNCTIONAL TEACHER'S ROLES TO EDUCATE A SMART STUDENT" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Transfunctional Teacher's Roles to Educate a Smart Student" тақырыбындағы Облыстық ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясымен бірге республикалық ағылшын тілі оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасу форматында семинар өтті.
Мақсаты:
•Ағылшын тілі пәні оқытушылары арасындағы әріптестік қатынастарды дамыта отырып, тәжірибе алмасуда жаңашылдықты қалыптастыру.
•Білім алушылардың шығармашылық, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілінде ойларын, пікірлерін еркін айта алуға үйрететін жаңа әдіс-тәсілдерді таныстырып, әріптестермен бөлісу.
Семинарға АҚШ, Эльбертон Джорджия қаласынан келген оқытушы, "Fulbright" бағдарламасының стипендианты, Анна Кубас, Қызылорда облысы бойынша ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының мүшелері және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы, колледжіміздің "Шетел тілі" бөлімінің оқытушылары мен 4 курс білім алушылары сонымен қатар онлайн Zoom платформасы арқылы Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалаларының колледж және мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.
Семинарды колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы ашып, семинар жұмысына сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ, семинар барысында спикерлер ағылшын тілін меңгертуде өздері қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдері туралы бөлісіп, пікір алмасты.
Шара соңында спикерлер колледж директорының "Алғыс хатымен" марапатталды