"ПАТРИОТИЗМ ДАУЫСЫ" Республикалық жаппай Гимн орындалды.
25 қазан – Республика күніне орай "Қыран елім-Қазақстаным!" атты рухани-танымдық апталықта М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Патриотизм дауысы" республикалық жаппай Мемлекеттік Гимн шырқалды.
Білім беру ұйымында Мемлекеттік Гимнді орындауға колледж оқытушылары мен қызметкерлері және білім алушылар ат салысты.
Егеменді еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін! Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпақтары көп болсын!