"РЕСПУБЛИКА КҮНІНІҢ МАҢЫЗЫ: ДЕРЕКНАМАСЫ МЕН МАЗМҰНЫ" тақырыбындағы диалог алаңы
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Республика күнінің маңызы: дерекнамасы мен мазмұны" тақырыбында диалог алаңы өтті.
Мақсаты: білім алушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Шараға "Өрлеу" БАҰО, Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Кеніштайқызы Гүлбала, Балқаш қаласы, "Қазақмыс"корпорациясының политехникалық колледжі оқытушысы Шайжанова Гулзада Карифуллаевна, "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей – қорығының Кіші ғылыми қызметкері Философия мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мүйденова Алия Қалжановна, Астана қаласы әкімдігінің "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі" МКК қоғамдық пәндер оқытушысы Арғынбек Алтын Мешітбайқызы, "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" КММ-нің "Қоғамдық-саяси тарихы архиві" филиалы бөлім басшысы Қалтаева Дана Алмабекқызы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, “Қоғамдық пәндер” циклының оқытушысы Асқарова Ұлбала Молдахметқызы, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, тарих пәнінің оқытушысы Нүрпеисова Эльмира Серикбаевна, колледжіміздің директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы, колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Биманов Дарын, "Әлеуметтік - экономикалық пәндері" ПЦК оқытушылары, "Қазақстан студенттерінің Альянсы" республикалық студенттер қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Базарханұлы Расул және колледж жас мамандары мен 3-4 курс білім алушылары қатысты.
Бағдарлама барысында Республика күнінің маңызы мен тарихы, жеткен жетістіктері туралы мәселелер арқау болды. Диалог алаңымыздың ашылу сөзі колледжіміздің директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызына беріліп, қатысушыларға ізгі лебіз-тілегін білдірді.
Диалог алаңында мәдени-рухани кеңістіктегі оқиғаларға талдау жасалды. Арнайы шақырылған қонақтар модератор сұрақтары, студенттер толғандырған түрлі сауалдарға жауап берді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалар мен әлеуметтік бағдарламалар жан-жақты талқыланды.