КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАН: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ

КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАН: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ

2023-10-27

КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАН: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ 

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің  "Шетел тілі" бөлімі, ШТ-Д-20 оқу тобының білім алушылары К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясында  "Байқау практикасы" бойынша өндірістік тәжірибе жинақтаудан өтті.

 

Өндірістік тәжірибенің мақсаты: болашақ мамандардың кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру, теориялық және тәжірибелік білімін өндіріс базасында машықтану арқылы тереңдету, болашақ мамандардың тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру. Өндірістік оқыту барысында машықтанушыларға "Шетел тілі" бөлімінің оқытушылары Ибрагимова Сания және Әбіл Бауыржан жетекшілік етті. Тәжірибе жинақтау барысында машықтанушылар ағылшын тілі пәнінің жүргізілу әдістемесіне бақылау жасап, сынып ұжымының жеке, психологиялық, әлеуметтік, мәдени және жас ерекшеліктерін зерттеп, зерттеу қорытындыларын өзінің педагогикалық  іс-әрекеті барысында ескеріп, инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы сабақтарды түрлендіріп өтті.

 

Нәтижесінде, 2023 жылдың қазан айының 26 күні  Республика күніне орай ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған "Holidays around the world" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Машықтанушылар мен оқушылар ағылшын тілінде сөйлейтін елдер мен Қазақстан жайлы зерттеп, нәтижелерін түрлі жұмыс түрлері арқылы көрсете білді. Шара барысында ағылшын тілінде елдерді презентация арқылы таныстырып, сол елдердің мерекелері мен ұлттық киімдерін көрсете отырып, топтық өнерлерін ұсынды. Нәтижесінде елдерге арналған көрнекіліктер бұрышын қорғау арқылы тапсырмалар орындалып, өндіріс мұғалімдері мен оқушылар машықтанушыларға алғыстарын айтып, болашақ мамандарға сәттілік тіледі.