Бүгін оқу орнымызда ҚР Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері, отставкадағы полиция полковнигі, Облыстық Қоғамдық Кеңестің төралқа мүшесі Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы және "Құрмет" орденінің иегері, "Қауырсын" жас ақындар үйірмесінің жетекшісі, қоғам белсендісі Мамыр Байдәулетовтың қатысуымен «КОНСТИТУЦИЯ 2022: РЕФОРМАЛАРДЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫ» тақырыбында жиын өткізілді. Аталған жиынға шара қонақтарынан бөлек колледж оқытушылары қатысты.
Жиын аясында Әмірбек Бердібекұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» идеясына тоқтала келе, ел Президентінің қоғамның сұранысына негізделген және сарапшылардың пікірі мен ұсыныстары енгізілген саяси реформалар бағдарламасы және осыған орай арнайы жұмыс тобы құрылып, аталған реформаны іске асыру үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлегенін айтып өтті.
Қоғам белсендісі Мамыр Байдаулетов өз кезегінде алдағы уақытта өтетін бүкілхалықтық референдумның өзектілігін және ел тарихындағы елеулі шешімдерді қабылдауда әр қазақстандық азаматтың пікірі маңызды екенін айтты. Сондай-ақ Ата заң аясындағы кездесуде конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері және реформаның бағыттары жайында айтылып, шараға қатысушылар арасында пікір алаңы құрылды.