Оқу орнымызда колледж медбикелері Айжанова Гүлжахан мен Алпыс Айдана және "Шетел тілі" бөлімінің ұйымдастыруымен "Ауа тамшылары арқылы жұғатын жұқпалы аурулар (тұмау,желшешек,қызылша )" тақырыбында білім алушылармен бірге кездесу өткізілді. Жиынға Облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Альмурзаева Гүлдана қатысып, білім алушыларға аталған дерттің алдын-алу, сақтану және қоғамдық орындардағы сақтық шарасы туралы кеңірек ақпарат берді. Сонымен бірге жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау, санитарлық-гигиеналық тазалықтың талаптары мен маңыздылығын түсіндірді. Шараның мақсаты - білім алушылардың сана - сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, тұмау,желшешек, қызылша ауруларынан сактану жолдарын түсіндіру. Қоршаған ортаны таза
ұстап аялауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Шара барысында қызылша, тұмау ауруларының белгілері, аталған ауру мен ауырмау үшін не істеу керек және жұғу жолдары туралы сала мамандары кеңірек түсіндіріп өтті. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану, құнарлы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болудың денсаулыққа пайдасы және спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңыздылығы туралы айтылды.